✏АҺЛИ СУННА УАЛ ДЖАМАҒАТ✏
Бұлар Сахабалар, Табиғиндер, оларға ергендер және Ашаъира, Матрудия. Жалпы Аһлу сунна екі кезеңнен тұрады; сәлаф және халаф. Салаф деп алғашқы үш ғасырда өткендер. Олар сахабалар, табиғиндер және оларға ергендер. (Абу Ханифа, Мәлик, Шафиғи, Ахмад бин Ханбал, Әбу юсуф, Мұхаммад, Имам Тахауи). Ал халаф деп алғашқы үш ғасырдан кейін келген Аһлу сунна ғалымдары. Олар: Матрудия[1] және Ашағира[2] ғалымдары.
Әһлі сүннаның сенімі мынадай: Алланың бірлеу, Алланы барлық кемшіліктерден, жаратылыстың сипаттарынан пәктеу, Алла Тағаланы естуші, көруші, құдіретті, мұңсыз, білуші, басталусыз бар болған, аяқталусыз мәңгі қалады, затында, ісінде, сипатында серігі жоқ, ешбір жаратылғандарға ұқсамайды, аспанда да емес, аршыға да орнықпады, аршы, жер, аспан, күрси, жәннат, тозақ, нұр мен қараңғы, орын мен уақыт болмағанда Алла болды деу. Егер кім осы сенімде болмай Алланы Аршының үстінде отыр немесе орнықты деп Алланы бір мекенге тәуелді етіп қойса, ол нағыз адасушылық және әһлі сүннаның құрамына кірмейді.
Ендеше осыдан өзіңіз ажыратып ала беріңіз.
[1] Матрудия деп бұл мазһабтың негізін салушы Мұхаммад бин Махмуд Әби Мансур ал-Матрудиге (Алла оған рақым етсін) ерушілерді айтамыз. Имам Самарқанд қаласының Матрид ауылында дүниеге келген. Ханафи мазһабын ұстанған. Әбу Мансур ал-Ғиади медресесінде тәлім алған және ханафи мазһабының төртінші буыны болып саналады. Әбу Ханифаның шәкірттері Насир бин Яхия Ал-Балхидан сабақ алған. Фиқһты, ақиданы және тағы басқада діни пәндерді менгеріп көптеген енбектер жазған. Заманында болған Муғтазила сияқты қателескен топтарға тойтарыс беріп аһлу суннаның ақидасын қорғаған. Адамдар оны өз заманында Тура жолдың Имамы деп атаған. Жазған еңбектері «Аттаухид», «Мақалат», «Тә' уилат Ал- Құран» атты кітаптар. Һижраның 332-жылы қайтыс болған. Аллаһ оған разы болсын.
[2] Ашағира деп бұл мазһабтың негізін салушы Әбу ал-Хасан Али бин Исмайл ал-Ашғариға (Алла оған рақым етсін) ерушілерді айтамыз. Имам Ашғарий жетінші атадан кейін үлкен сахаба Әбу Муса (Алла оған разы болсын) ал-Ашғариге барып қосылады. һижраның 260-жылы Ирактың Басра қаласында туылып, 337-жылы қайтыс болған.
📘📗📕📒📒📓📚📖📙📝📄📄
Қазақстан Мұсылмандары діни
басқармасының
www.muftiyat.kz ресми сайты