АҚСУАТ АУЫЛЫ ЖАЙЛЫ
Мəліметтер☝
Жаңалықтар📣
Суреттер📷
Ақпараттар📊
Ақсуат – ауыл. Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданының орталығы. Облыс орталығы — Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 350 км жерде, Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік-батысында, Қарабұға өзенінің сол жағалауындағы шөлейтті белдемде орналасқан. Ауылға ең жақын темір жол стансасы — Жаңғызтөбе (295 км жерде). Тұрғыны 10 мың адам (1997). Іргесі 1929 жылы ұжымдастыру кезінде қаланған. 1963 — 1995 ж. Ақсуат кеңшарының орталығы болған. 1995 жылы шаруа қожалықтары құрылған. Ақсуатта баспахана, орта мектептер, аурухана, өлкетану мұражайы, аудандық мәдениет үйі т.б. мекемелер бар. Ақсуат арқылы Аякөз — Көкпекті — Георгиевка — Жаңғызтөбе автомобиль жолы өтеді.