Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Бұл қасиетті кітапты оқу − ең ұлы ғибадаттардың бірі әрі Аллаһқа жақындататын бірден – бір төте жол болып та-былады. Аллаһ Тағала бізге қасиетті Құранды оқуды әмір
еткен. Құранда: «Құраннан оқи алатындарыңды оқыңдар»(Мүзәммил 20) деп айтылса, Әбу Умәмә риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құран оқыңдар! Ол қиямет күні иесіне шапағат етеді»(Муслим) – деген.