Бұл жазиралы мекен – Жаркент. Көркіне көз тастаған жан сұлу табиғаттың шырмауына байланып, шырынына қанығар. Талай дүлдүл осы топырақта дүниеге келіп, талай батыр найзаның ұшымен, білектің күшімен бабадан қалған мол мұраны сақтап бүгінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізді.