Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы (Қайрат Нұртас) 1989жылы 25-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.
Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы 140 мектеп-гимназиясында алғаш қолына қалам алады.
"Махаббат мұңы" әнімен алғаш 8 жасында экранға шықты.
2005 жылы Эстрада цирк колледжінің студенті атанды.
2006ж «Шаншар» әзіл-ысқақ театрында "Әке" әнін орындады. Сол жылы "Арман" әні жазылды.
2007ж Қайрат елге белгілі әндері "Тәтті сезім","Еркетай қарындасым","Жаралдың кім үшін", "Аллаға шүкір","Көз жасың көмектеспейді" сияқты тағы да басқа әндерін тыңдарманға ұсынды.
2008ж 25 ақпанда Алматы қаласы Республика сарайында "Тәтті сезім" атты алғашқы шығармашылық ән кешін берді.
2009-2010жж арасында белгілі хит әндер мен бейнебаяндар жарық көрді. Осы уақытта тек Қазақстанда емес, ҚХР,Қырғызстан,Өзбекстан т.б елдерде аты мәлім болып, бірнеше шығармашылық кештерін өткізді.
2010 жылы "Ауырмайды жүрек" әні жазылды.
2011 жылы Қазақстан ұлттық арнасы ұйымдастырған "Екі жұлдыз" байқауына қатысты.
2012 жылы 25ақпанда "KN" журналының тұсауы кесілді.
2013ж Б.Есентаева продюсерлік еткен "Саз әлемі" байқауына "Ауырмайды жүрек", "Мейлі" әндерімен қатысып, "Жыл әншісі" және "Жыл әні" атағын жеңіп алады.
9сәуірде "Өкініш" фильмінің премьерасы өтті.
2014 жылы «Муззон» ЕМА-2014 премиясында «Жылдың үздік әншісі» атанды
2014ж Алматы және Астана қалаларында Қазақстанда бұрын соңды болмаған 3D шоу концертін берді.
2014ж "Қайрат Нұртас" тігін цехі жұмыс істей бастады.
2015 жылы Ұлттық аспаптар оркестірімен жанды дауыста «Қызыл гүлім-ай» кешіне қатысты.
2015 жылы Тұңғыш рет Астана қаласында өткен «МуЗТВ» арнасының арнайы «Гравитация» премиясында халықтың дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның үздік әншісі атанды.
Қайрат Нұртастың Директоры:
📲 +7707 137 50 60 Лаура Сейтбекова (Тек маңызды сұрақтар бойынша)