Үйлену тойына бірнеше күн қалғанда қалыңдық күйеу жігітті өзге әйелдің құшағынан табады. Осыдан кейін махаббаттан көңілі қалған ол күйеу жігіттен қайтсе де кек алуды ойлайдыі.Бұл жолда оған бейтаныс ер адам барда кездеседі. Бірге өткізген түннен кейін, екеуінің бойында екі түрлі сезім оянады: махаббат пен өшпенділік.
Бардағы бейтаныс жан – аса бай әрі қадірлі отбасының мүшесі – сол керемет түннің естелігі – қолындағы тұмардың жұмбақ иесін іздейді. Ол отбасылық кәсіпті дамытуға атсалысады, алайда заңсыз кәсіппен байлыққа кенеліп отырғандарын білгенде, ол – инновациялық реформалар арқылы компанияны жаңартып – бизнесті заң аясында жүргізуге күш салады. Сонымен бірге, әулет шешімімен ол марқұм ағасының жесірін әмеңгерлікке алуы тиіс.
Хикая басты кейіпкерлерінің тағдыры тағы тоғысады. Бұл жолы олар қиын таңдау жасап, құпияларды ашып, шым-шытырық күреске түсулері тиіс.
Осы кезде, отбасылық жанжалдар секілді, міндет пен менмендік кейіпкерлер тағдырына араласып, ең маңызды сұрақ туады... Атадан балаға қалған дәстүр жастардың кенеттен ұшқындаған махаббатына кедергі бола ала ма?