Құрметті Шұбаршиліктер! Ауылдастар!
Тобымызға қош келдіңіздер!
Сіздер осы топ (группа) арқылы:
-Шұбарши ауылындағы жаңалықтармен;
-ауылдағы оқиғалармен;
-Жақсыбайкөл негізгі мектебіндегі іс-шаралармен;
-ауылдық клубтағы кештермен;
-ауылдың жетістіктерімен хабардар бола аласыздар.
Қазақылықтың қаймағы саналатын ауылдың қызықты мәліметтерден назардан тыс қалмайды.
Соған сай сіздердің тараптарыңыздан шығарылған жаңалықтарға (пост) бағаңызды білдіріп, пікірлеріңізбен бөліссеңіздер.
"Ерім дейтін ел болмаса,
Елім дейтін ер қайдан болсын", -дегендей, сіздерден қолдау болса, біз аянып қалмаймыз.
Талай жерде көсем боп көсіле сөйлеп, шешен боп шешіле сөйлесекте, алғаш боп ауыл туралы жазғанда, алғашқы махаббатқа хат жазғандай толқынысты күйді бастан кешірдік. Дегенмен, тіспен түйген түйінді тілімен-ақ шешетін шешен жұрттың жұрнағы болған соң, Бісмилла мен бастап кеттік. Сол секілді сіздерде өз жаңалықтарыңызды ұсыныңыздар (предложить новость), міндетті түрде жарияланатын болады (қалауыңыз бойынша жасырын). Достар шақыруды ұмытпаймыз!