Гүнеш - үш қыздың анасы. Үшеуі де бойжетіп қалған. Қыздарын жалғыз асырап отырған анаға Ыстамбұлдық Халюк есімді кісі сөз салады. Үлкен қызының қарсы болуына қарамастан, Гүнеш тұрмысқа шығамын деп шешеді. Қыздарымен бірге Ыстамбұлға көшіп келунің себебі осы. Барлық шытырман осы тұста басталады. Өйткені, Халюктің отбасы Гүнешті қабылдауға дайын емес еді. Уақыт өте Халюктің де шынайы мінезі көріне бастайды. Оны қызғаныш оты өртеп, отбасылық кикілжің туғызады. Алғашқы әйелінің онымен ажырасуының да себебі осы болыпты. Ал ержеткен ұлы мен Гүнештің қызының арасында махаббат оты пайда болады. Бас кейіпкер үшін жаңа отбасы нағыз сынақ алаңына айналады.