24 шілдеде 《Фатмагүлдің жазығы не? 》 түрік телехикаясы КТК арнасында 15 : 00 де басталады.
《 Фатмагүлдің жазығы не? 》 телехикаясы 2015 жылы ең үздік түрік телехикаясы болды.
Телехикая Фатмагүл есімді қыздың тағдырын баяндайды. Фатмагүл - ата анасынан айырылған жетім қыз. Ағасының үйінде өсіп жетілді. Алайда, Фатмагүлді жек көрген жеңгесі Мукаддес оның көзін құртуға бар күшін салады. Фатмагүлді əр жақтан қинай бастайды. Бір жағынан Мукаддес болса, екінші жағынан Яшаран отбасының мұрагерлері қинайды. Алайда, оған көмектесетін адам табылады. Ол келгенде, Фатмагүлдің тағдыры өзгере бастайды.