Turkiye Burslari - арнайы Түркия мемлекетінің жанынан ашылған арнайы оқу бағдарламасы. Жыл сайын әлемнің 100мыңнан астам білім қуған жастары бақ сынайтын озық бағдарламалардың бірі. Туркие бурслары бағдарламасына тапсырған әрбір талапкер оқыту тілі ретінде ағылшын және түрік тілдерін таңдай алады. Бағдарламаға қатысу үшін, түрік тілін білу шарт емес, ал егер сіз білімді ағылшын тілінде алғыңыз келсе, өзіңіз таңдаған университеттерінің талаптарына сәйкес келетін сертификаттарды тапсыруыңыз қажет. Бағдарлама 2 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - онлайн түрде бағдарламаға құжаттар тапсыру
Екінші кезең - сұхбаттасудан өту
Бағдарлама бакалавр, магистр, доктор және зерттеу жұмыстарын жүргізетін студенттерге арналған. Әр жылдың көктем мезгілінде бағдарламаға өтініш білдіре аласыз. Қатысу тегін. Ең бастысы, дұрыс дайындалған құжаттарды сауатты түрде толтыра білу.
Бірінші кезеңге қажетті құжаттар тізімі
1) жеке басты куәландыратын құжат( төлқұжат немесе жеке куәлік)
2) Өтініш білдірген адамның соңғы 6ай ішінде түскен суреті( суреттің қағаз күйінде болмағаны жөн, өйткені сіз суретті сайтқа жүктейсіз, егер 3х4 суретіңіз жоқ болса, арнайы фотосалондарға барып суретке түсіп, флешкартаға жүктеп алсаңыз да болады)
3) 9,11 сынып бітірген кездегі куәлік. Егер 11 немесе 12 сынып оқушысы, сонымен қатар бакалавр, магистрдің соңғы жылында оқып жатсаңыз, арнайы формада жазылған транскрипт қажет. Яғни, сіз арнайы табельді, зачетканы сканерден өткізіп, бір пдфке салсаңыз болады. Немесе оқу орнына барсаңыз, арнайы формада сізге жасап береді. Кейбір, оқу орындары транскрипт жасаудан бас тартады, қам жемеңіз, алдағы уақытта транскрипттің үлгісін топқа саламын.
4) Соңғы 3жылда жеткен жетістіктеріңізді сканерден өткізіп дайындап қойыңыз. Арнайы мектепішілік болсын, қалалық болсын сертификат, мақтау қағаздарын, алғыс хаттарды да сайтқа жүктей беріңіз.
5) Тіл білетіндікті растайтын құжат. Оны да жүктеуіңізге болады, айтарлықтай маңызы болмаса да, бірақ өзіндік әсері бар.
6) Түйіндеме, қазақ тілінде жазылған болса да бола береді(оны да арнайы қағазға шығарып, сканерден өткізіп дайындаңыз)
7) Мінездеме( оқу орнынан немесе жұмыс орнынан алуға да болады, келер жылы тапсыратын студенттер практика кезінде алған мінездемелеріңді сақтап қойыңдар, оларды да жүктеуге болады)
8) Белгілі бір орында жұмыс жасап жатсаңыз, сол жерден міндетті түрде анықтама алыңыз.
9) Ең маңыздысы мотивациялық хат. Талапкердің оқу дәрежесіне байланысты сұрақтар тізімі де әртүрлі.
Екінші кезең. Екінші кезеңге өткен әрбір талапкерге арнайы өзі таңдаған қаладан өтуге болатын сұхбаттасуға арналған шақырту хаты жіберіледі.