Адам түрлі-түрлі жағдайда бола береді, қажыр-қайраты мол адам талпынып төменнен жоғарыға ұмтылады, сол таудай талабы арқылы үлкен дәрежеге жетеді, ал қайратсыз кісі жоғарыдан төменге құлдилай береді. Ең төменгі лауазымнан құрметті биік сатыға көтерілу қиын, ал құрметтеп жұрдай болып, төмендеп кеті өте оңай. Мәселен, ауыр тасты көтеріп иыққа қою қиын, ал оны иығыңнан жерге тастап жіберу оңай болғаны секілді. Өзінің әліне сай дәрежені
іздеген адам, бар қажыр-қайратын жұмсап, ұмтылып байқаса, төменгі сатыда қалып қоймайды, өйткені үлкейіп өсуге әркімнің де мүмкіншілігі бар. Өмір - сабақ