Сабыр Адай Шеркешбайұлы - 1960 жылы дүниеге келген Маңғыстаулық ақын. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).
1981 – 1984 жылдары Бейнеу аудан мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.
1984 – 1990 жылдары аудан мәдениет үйінің директоры.
1991 – 1996 жылдары аудан мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1997 – 1999 жылдары Маңғыстау облыс мәдениет басқармасы жанындағы ғылыми-әдістемелік орталықта шығарма бөлімінің бастығы.
1999 – 2002 жылдары облыс мәдениет бөлімі басқармасы бастығының орынбасары, республика «Үш қиян» газетінде қызмет атқарды.
2003 – 2006 жылдары өткен республиканың ақындар айтысының жеңімпазы. Ақтауда Қашаған ақынның, Ақтөбеде Есет батырдың, Әбубәкір Кердерінің, Байғанинде Асау-Барақтың, Оралда Сырым батырдың, Шымкентте Үш би (Ордабасы), Көкшетауда Абылай ханның тойларында және Орта Азия – Қазақстан ақындарының айтысында жүлделі орындарға ие болған.
«Әр қазақ – менің жалғызым» (2002) атты өлеңдер жинағының, Отпан тау – Адай ата мәдени кешенді этногр. орт-н идеясының авторы.
Бүкілодақтық халық шығармалық фестивалінің лауреаты (1987).
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2003).
Қазақстанның соңғы 200 жылдағы таңдаулы елу ақыны шығармаларының алтын қорына енгізілді (2001).
Халықаралық ЮНЕСКО-ның аясында өткен Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы әдеби шығарм. байқаудың жүлдегері (2003). Поэзия номинациясы бойынша (Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты).
Президент сыйлығының иегері (2006).
Бейнеу ауданының (2005) және Маңғыстау ауданының (2007) құрметті азаматы. Қазіргі таңда «Адай» қорының президенті.