Телехикая туралы:
"Стамбул көшелері" (Fatih Harbiye) хикаясы сіздерге түрік дәстүрлері, өмір мен махаббатқа қарама қайшылықтар мен жанжалдар туралы баяндайды.
Фатих – Стамбулдың кедей ауданы. Ол жерде Нериман атты жас қыз өмір сүреді. Анасынан ерте айрылған ол бүгінде әкесі Фаиз Бей мен тәтесі Гүлтер ханыммен бірге тұрады. Бұл отбасы өте қарапайым, әрі ескі салт-дәстүрлерді жақсы ұстанған. Бала кезден бірге өскен досы - Шинаси. Ол да қарапайым отбасынан шыққан, Нериманды қатты жақсы көреді және онымен бірге шаңырақ көтеруді қалайды. Ал, бойжеткеннің ойы басқада. Ол Шинасиді ұнататынына қарамастан, әдемі өмір мен баршылықты армандайды. Екеуінің арасын суытатын да – сол байлыққа деген құмарлық.