Бұл жырлар жазылмас еді-ау...♥
Мен қайғы жұтпаған болсам
Бұл жүрек табынбас еді-ау
Сен жұртқа ұқсаған болсаң...
Көзіме ілінбес едің
Шыға алмас шыңдарым болсаң
Тек саған жүгірмес едім,
Иіліп құрбаным болсаң.
Мен бұлай жүрмес те едім
Өмірде болмаған болсаң.
Сүйюді білместе едім
Сенімді қорлаған болсаң....
Фариза Оңғарсынова