Қызыләскер — Сарыағаш ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 70 км жерде, Келес өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 3,7 мың адам (2003). Іргесі 1928–29 жылдары қаланған. 1957 жылы құрылған Ғ.Мұратбаев атындағы кеңшардың және Ақтөбе ауылдық кеңесінің ортталығы болып келді. 1997 жылы кеңшар таратылып, оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды