Дастан Оразбеков

Дастан Оразбеков

D О С O M P A N Y 🎤 🎶 🎼 💽 🎥 🎭 🎬 💵

Фотографии профиля (6)

Фотографии со стены (571)

Смотреть все

Основная информация

Идентификатор
63203570
Домен
dastan.orazbekov
Верификация
Нет
Огонёк
Нет
Товары
Отключены
Главная вики-страница
Нет данных или скрыто
Тип
Публичная страница
Тематика
Певец
Главная секция
Отсутствует
Вконтакте
https://vk.com/dastan.orazbekov
Описание
Дастан Дәрібайұлы Оразбеков (5 ақпан 1982 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында туған) — «Орда» тобының белді әншісі, биші, актёр. Кішкентай кезінен өнерге жақын болған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, ән айтып, би билеп, сахнаға шыққан. Әкеcінің есімі – Дәрібай, 2009 ж. өмірден өткен. Анасының аты – Мереке. Ата-анасы сахнаға шығып ән айтпаса да, өз достарының, туған-туыстарының ортасында өте өнерлі жандар болған. Отбасында төрт ағайынды. Үйінің үлкені – «Орда» тобының әншісі Рүстем, одан кейін Дастан. Меруерт, Гүлшат есімді екі қарындасы бар. 1997 жылы отбасымен Алматы қаласына көшіп келген. Жұбайының есімі - Жанат, Алдияр атты бір ұлы бар. Шығармашылығы Арнайы музыкалық білімі болмағанмен, вокалдан, биден кәсіби мамандардан дәріс алған. Мектеп кезінде Аманжол деген ұстаздан, Алматыға келген соң Көпжасар, Бағым, Фарида, Диана деген кісілерден сабақ алған.Осылайша өзінің музыкалық білімін жетілдірген Дастан ағасы Рүстеммен бірге талантты Беделхандармен танысып, 2000ж. атақты "Бауыржан-шоу" театрында жұмыс жасай бастайды. Театр құрамында жүріп «Орда» тобына айналған өнерлі жастар, музыкалық және би қойылымдарымен қатар, көріністердегі эпизодтық рөлдерді де алып жүрді. Ол кезде Дастан негізінен халық әндерін орындаған болатын. Кейін өз өнерлерін шыңдаған жігіттер жеке топ болып бөлініп шықты. Содан бері Дастан «Орда» тобының белді мүшесі ретінде ән айтып келеді. 2007ж. Жанат есімді аруға үйленіп, отбасын құрды. 2009 ж. "Orda brothers" продюсерлік орталығының атынан жеке әнші ретінде Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас»[1] әнін орындап шықты. Сонымен қатар, "Тұмарым" атты жеке әнін халыққа ұсынды. Дастан жеке әнші ретінде қатты таныла қоймаса да, өз тыңдарманын тауып үлгерді. Жуырда тағы да бір әсем әні "Миллион жүрек" жарыққа шығады. Сондай-ақ, Дастан "Орда" тобымен орындалған бірнеше әндердің әуенін жазып, өзін сазгерлік қырынан да көрсетті. Олар "За тобой", "Не покидай" және "С тобой" әндері. "Не покидай" әні 2007ж. Мәскеудегі “Европа плюс” радиостанциясы жүргізген хит-парадтың жеңімпазы атанады. Қатысқан сайыстары Дастан "Орда" тобының құрамында жүріп, көптеген өнер сайыстарына қатысқан. Ал өзінің жеке әншілік шеберлігін «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін «Екі жұлдыз» шоу бағдарламасының екінші және төртінші маусымдарында көрсетті. Екінші маусымда жұбы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаевамен, төртінші маусымда әнші Айқынмен өнер көрсетіп, халықтың зор ықыласына бөленді. Қазақстан ұлттық телеарнасындағы[2] "Айгөлек" [3] балалар байқауына әділ қазы болып, финалға шыққан бүлдіршінмен дуэт болып ән салды.

Контактная информация

Страна
Нет данных или скрыто
Город
Нет данных или скрыто
Сайт
Нет данных или скрыто

Приватность и ограничения

Бан и удаление
Нет
Публичность
Открытое сообщество
Возрастные ограничения
Нет
Блок адресов
Отключен
Стена
Ограниченная
Участники
Открыты
Количество участников
4330

Участники (4330)

Смотреть все