Айтыс – көне дәуірден келе жатқан асыл мұралардың бірі. Асыл құнды мұраларымыз халық иелігінде. Ащы шындықты, өткір сынды айтыс арқылы жеткізіп отырған ата-бабаларымыз, айтыскерлеріміздің іштен қынжылатын орындары да бар шығар. Айтыс – жалғасын тауып келе жатқан құнды мұра десек те, қазіргі қоғамдағы айтысқа қарап отырып, жалғасын таппай ме екен деп ойлап қаламын. Өйткені айтысты дәріптеу, сыйлау, құрметтеу бүгінгі таңда жоқ. Мұра етіп қалдырған әр ғасырдың саңлақтары: Шөже ақын, Балта, Біржан, Сара, Доспамбет, Құлмамбет айтыскерлеріміздің орнын толтырып жатқандар да көрінбейді.