ЖШС «Көкжиек» баспасы Қазақстанның кітап нарығында 2005-жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары елімізде дәстүрлі ата дініміз исламға халықтың қарқынды бетбұрыс жасағаны белгілі. Қоғамдық өзгеріске сай дұрыс діни танымды қалыптастырудың өзекті бола түсуіне орай баспа қоғам өміріне қажетті, діни, танымдық, пайдалы кітаптар дайындауды өзіне мақсат етіп қойды. «Ислам ол біздің дініміз ғана емес мәдениетіміз де» деп елбасымыз Н. Әбішұлы айтқандай, дінді тар түсінікте емес, ғасырлардан бері ұлт мәдениетімен астасып келе жатқан құбылыс ретінде қабылдап, діни толеранттылық пен татулықты нығайтуға, діни, этникалық, идеологиялық араздықтарды болдырмауға, бейбіт өмір қалыптастыруға себеп ету қазіргі уақытта кезек күттірмейтін мәселе.
Баспа Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұстанымдары аясында, Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы және Матуриди ақидасы негізінде жұмыс істеп келеді.