Асанов Адлет 1996 жылы 17 сәуірде Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүние есігін ашқан. 2002-ші жылы 1 сыныпқа барып, 6 жасынан қолына қазақтың қара домбырасын үкілетіп алып, шерте бастаған.Кішкентайынан қатарының алды болып біраз шараларға қатысып, жеңімпаз атанған. 5-ші сынып оқып жүрген шағында қолына микрофон алып алғаш сахнаға шығып күміс көмей дауысымен ән шырқаған. Тараз жұлдыздары атты ән байкауына қатысып, жулделі орынға ие болған. Қалалық Абай оқуларының БАС ЖҮЛДЕ иегері, облыстық денгейде 3-ші орынды иеленген. Облыстық патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысынан бас жүлде, Республикалық Мұқағали Мақатевтің сөзіне жазылған әндерді орындау наминациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ, ал арнау бөлімі бойынша 1 орынды жеңіп алған. Жігіт сұлтаны - 2011. Іс-шараларға белсене қатысқаны үшін Облыс департаменті Кокшетау, Бурабайға 1 айлық демалысқа "Балдаурен" лагеріне жіберген,ол жақта да шағын жарыстар өтіп,туған жерге 5 грамотамен оралған.Ыбырай Алтынсаринның туылған күніне орай ұйымдастырылған сайыста ақындар аламыны бөлімі бойынша БАС ЖҮЛДЕ иегері атанған. Тағы да басқа жеткен жетістіктері аз емес!
Өзі ақын,өзі композитор,өзі әнші Адлет Асанов небәрі 3 жылдың ішінде бүткіл Қазақстан Республикасының аймақтарына танылып үлгерді.Ерекшелігі:өзі орындайтын әндердің басым көпшілігінің әні мен сөзін өзі жазады.
Қазіргі таңда ән қоржынында 40-тан астам әндері бар.Ендігі санатта көздегені Республикалық денгейде өнер көрсетіп,халықтың ықыласына бөлену.Адлет Асанов тек алға!!!
Жылы: Тышқан.
Жұлдызы:Тау ешкі.
Сусыны: Қымыз,шұбат,сүт.
Сүйікті киносы: «Побег из тюрьмы» «БРИГАДА»
Сүйікті актеры: Сергей Безруков.
Сүйіп тыңдайтын әншілері:Мейрамбек Беспаев,Қайрат Нұртас,Еркін Нұржан.
Сүйікті тағамы:Бесбармақ,Тұшпара,Күріш.
Сүйікті ісі:ән жазу,поэзия жазу,кітап оқу.
Сүйікті ақыны:Мұқағали Мақатаев,Қадыр Мырзаәлі,Мұхтар Шаханов.
Өмірлік ұстанымы: Ел болам десең, бесігіңді түзе!