Біз туралы
Сайтымызды әһли сүннет ғұламаларының құнды еңбектерін негізге алып, әһли сүннет ақидасына сай дайындадық.
Хазреті Имам Раббани былай деген:
«Хадис шәрифте: “Үмметім 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады. Бұл топтағылар менің және сахабаларымның жолымен жүргендер!” делінді. Бұл топқа әһли сүннет делінеді.» (2 том, 67 мәктуб)
Құран кәрімде былай делінген: «Адамдар дінде әр түрлі топтарға бөлінді. Әр топ өз жолын дұрыс деп ойлап қуануда.» (Мү’минун 53)
Ешкім өз ақылымен Құран кәрімді және Хадис шәрифтерді оқып дұрыс жолды таба алмайды. Дұрыс жолды табу үшін бұл істердің маманы болған ғалымдар қажет. 72 дана жасанды алтынмен бір дана таза алтынды араластырса, мұны зергерден, алтын қолөнерін кәсіп еткен адамнан басқа ешкімнің біле алмайтыны секілді, 73 топтан қайсысы дұрыс екенін де тек қана Әһли сүннет ғалымдары біледі.
Ақылымызды қолданып дұрыс жолды табуға тырысу өте қиын, тіпті мүмкін де емес. Әр топтағы адам өз тобын дұрыс жолда деп айтады. Бұл мәселеде сәлим болмаған ақыл өлшем бола алмайды. Өлшем бола алғанда 72 түрлі бұзылған топ пайда болмас еді. Әр топқа кірген адамдар, сол кірген тобын өз ақылдарын қолданып таңдаған. Дұрыс жолды табу үшін ақыл қолданылатын болса, адамдардың мөлшеріндей топтар пайда болады.
Бұл дәуірде көптеген кітаптар және көптеген топтар бар. Оларға біздің жақсы не жаман деп айтуымыздың ешқандай маңызы жоқ. Яғни мына адам жақсы дегенімізбен ол жақсы болып қалмайды, біз жаман дегенімізбен де жаман болып қалмайды, адамның кім екендігі, кітаптың аты да маңызды емес. Өйткені мыңдаған ғалым және кітаптар бар. Қолымызда бір өлшейтін аспап болса, жұмысымыз оңай болар еді. Дұрыспен бұрысты өзіміз ақ ажырата алатын едік. Бұл өлшеуді Имам Раббани хазреттері былай деп білдіреді: «Бір үкімнің дұрыс немесе қате екендігі әһли сүннет ғұламаларының айтқандарына сәйкес келген келмегеніне қарап белгілі болады. Өйткені әһли сүннет ғалымдарының білдіргендеріне сай келмейтін кез-келген мағына және жаңа пікірдің дінімізде ешқандай құны, құрметі жоқ және бұл – адасушылық. Себебі әр адасқан жолдың жолаушысы Құранмен сүннетті ұстанып жүргенін ойлап, бұзық жолының дұрыс екенін айта алады. Өзінің қысқа ақылы, қысыр парасатымен Құран және сүннеттен дұрыс емес мағыналар шығарады, дұрыс жолдан аяғы таяды, пәлекетке түседі. Аят кәримада: «Құран кәрімде білдірілген мысалдар көпшілікті күпірге сүйрейді, көпшілікті де имандылыққа бастайды.» деп айтылған. Олай болса, аятпен хадиске тек әһли сүннет ғұламаларының берген мағыналары ғана дұрыс, бұларға сай келмейтіндердің бәрі бұрыс.