Махаббатты жоқ деп жүрген ауыздың,
Айтары да айтпағы да жауыздық.
Сүймегендер – аянышты пенделер,
Ғашықтарды жырлайды ақын аңыз ғып.
Арбамайды жүрегімде өзге өлең,
Меңреу жан ғой махаббатты сезбеген,
Ғашықтықтан туды менің бар жырым,
Жыр жазбаймын ғашық емес кезде мен.
Бұл өмірде досым бар, дұшпаным бар,
Мені ылғи да бақыттыға қосыңдар.
Ғашық күнім ашық күнім ол менің,
Ғашық емес кездерімнен шошыңдар.