Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова 1986 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Жеке әнші, тележүргізуші, актриса. Отбасында әкесі Есіркеп, анасы Кәмшат, үлкен әпкесі Меруерт және інісі Ерсұлтан.
Тараз қаласындағы №49, №36, №30 мектептерде оқыған. Бес жасынан гимнастика, таэквонда, дзюдо, жүгіру, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлеріне әуес болған.
2001 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжі музыка бөлімінің білімгері атанды. Домбыра сыныбын бітірген. Облыстық "Айгөлек" ән байқауының бірінші орын иегері, "Бозторғай" ән байқауының дипломанты.
2003 жылы басталған «SuperStar.kz» жобасының бірінші маусымында жүздікке ілікпей қалады. Ал 2004 жылы жобаның екінші маусымында бақ сынап, ондыққа дейін өтеді.
2005 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының білімгері атанды. Люция Төлешованың сыныбында тәлім алды. Бірінші курсты орталап қалғанда сол кездегі «Саф», қазіргі «КешYou» тобына іріктеу өткізіліп, Мөлдір Әуелбекова топ құрамына кірді. Топ құрамында 2010 жылы «Шығыс базары» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін алды.
2011 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдады.
2010 жылы «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль» фильміндегі басты рөлден үміткер 2000 қыздың арасынан Мөлдір таңдалады. Фильм мен Мөлдір сомдаған образ халық ықыласына бөленді. 2011 жылы «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль-2» деген атпен фильмнің екінші бөлімі түсірілді.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Мөлдір жеке шығармашылықпен айналыса бастады. Бірнеше әндер жаздырды. Атап өтер болсақ "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Джан-джан немесе Кел биле", "Бір сен үшін", "Толғау", "Өсиет"жане т.б әндері. Сол жылдың қараша айында «Өсиет» атты бейнебаяны жарық көрді.
2014 жылдың ортасынан бастап «КешYou» тобына қайтадан келдi.Алайда денсаулығына байланысты топтан қайта бөлініп шықты.Қазіргі таңда жеке шығармашылығымен қатар продюсерлікті де қатар алып жүр.Ол қазір бурынғы "Ай" дуэтінің мүшесі Индира Елемес атты әнші қыздын жетекшісі.2015жылы Дубай каласына барып "Шipkiн ай"атты жана анiне бейнебаян тусipдi. Жеке концерт берді.Жеке концертін туып өскен қаласы Тараздан бастады.Еліміздің барлық қалаларына концерт беру жоспарда.Сонымен катар шакipтi Индира Елемес Дубай каласында алгаш рет устазымен бipлесiп "Адаспа"атты анге бейнебаян тусipдi.Жәнеде бірнеше жана.әндер жарық корді.Алайда қазіргі уақытта Индира Елемес продюссерлік орталықта жұмыс жасамайды.Дегенмен Мөлдір Әуелбекова Индира Елемеске жол көрсетті.Ал осы уақытты Мөлдір Әуелбекова өзінің шығармашылығын жалғастыруда.Жакында аншi турмыс курды.Нактырак айтсак 12.12.2015.Тараз каласында "Grand Royal" мейрамханасында той салтанатты турде оттi. Жубайы озинен 1жас улкен Тараз каласынын тумасы Арыстан есимди нар тулга. Енди Молдир Ауелбекова Астана каласынын тургыны.