Басты кейіпкері Радхика өзін асырап алған отбасында тұрады. Оны кішкентай кезінде Вриндавандағы ғибадатхананың алдынан мейірбан дін қызметшісі Бридж Мохан Шастри мен оның әйелі Деваки тауып алады. Сериалдың бірінші минутынан бастап, Радкиханың өмірінің қиындыққа толы болғаны байқалады. Шастридің қартайған шешесі асыранды баланы бірден жақтырмайды, және қолынан келгенше оның өмірін тозаққа айналдыруға тырысады. Ал Радкихамен жасты өзінің туған немересі Вишакханы мәпелеп өсіреді. Нәтижесінде өзін жек көретін әжесінен басқа қыз түрлі қитұрқы әрекеттерге барып, барлығын оған жабатын әпкелі болады. Есейген соң Радкиха тағы бір қиындыққа тап болады. Діни қалалар жүрегінде иманы бар қызды шыққан тегінің белгісіздігіне байланысты ғибадаханаға кіргізбейді.
Пурохит әулеті – Делидегі ең ауқатты және ықпалды отбасы. Әулеттің үлкені ірі діни ұйымның қызметшісі. Оның кіші ұлының есімі Дэв. Пурохит отбасы Вриндаванға барады, Дэв пен Радкиха алғаш рет сонда кездеседі. Жігіт қызға бір көргеннен ғашық болады, алайда шатасып оның есімін Вишакха деп ойлайды. Пурохит отбасы Шастридің үйіне келіп, Вишакхаға құда түседі.
Үнді салты бойынша болашақ ерлі-зайыптылар неке қиюға дейін кездеспейді және жас жігіт қателік кеткені туралы байқамайды да. Той күні Вишакха әдеттегідей Радкихадан көмектесуін өтінеді. Ол өмір бойы армандаған кастингке кетіп, уақытында оралмайды. Сөйтіп, барлық үйлену салтының рәсімдерін оның орнына Радкиха өтеді. Қыздардың орындары ауысқаны жайлы Шастридің шешесі мен оның әйелі Деваки ғана біледі. Себебі салт-дәстүрге сай, неке қию рәсімі кезінде қалыңдықтың беті бүркеулі болады. Вишакха тойдың соңына бір-ақ келеді