«Қыз Жібек» клубында қазақ қыздарына сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстанудың және болашақ ұлт анасы ретінде отбасы өміріне даярлау мен үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктер үйрету көзделуде. Қыз алдындағы қоғамның, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыруды қолға алынбақ. Үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білікті, білімді қызды қалыптастыруды мақсат тұтқан «Қыз Жібек» клубы бұдан өзге қазақ қызының бойына әдеп пен сыпайылық, ибалылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрін сусындататын болады.. Клуб - студенттердің сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер алатын орнына айналмақ.