Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймыз!
Әлемдердің Раббысы – Алла Тағалаға мақтау айтып, біздерге Ислам діні үкімдерін жүктеп, иман бергені үшін шүкір етеміз. Оның ардақты құлы, әрі Елшісіне (оған алланың игілігі мен сәлемі болсын) қиямет-қайымға дейін салауат айтамыз.
Әссәләм уә әлейкүм уә рохматуЛлаһи уә баркәтуһ құрметті бауырлар, парақша оқырмандары!
Біздің топ Әһли Сүннет уәл-Жамағат жолының Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын, Матруди ақидасын ұстанады.
Мақсатымыз - сүйікті Пайғамбарымыз (оған алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде "Менен бір аят болса да адамдарға жеткізіңдер!" деу арқылы Ислам дағуатын жаюға әрбір мұсылманның үлес қосуы тиіс екендігін ескерткендей, мүмкіндігімізше шариғатқа сай дұрыс сенім, білім тарату, насихаттау.
Тобымыздың шағын ережелерімен таныс болсаңыздар:
-Аллаға, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын),Ислам дініне, фиқһ ғалымдарына, имамдарға, ұстаздарға тіл тигізген адам ескертусіз банға жіберіледі!
-Топта мәзһабсыздық (псевдосәләфизм), радикализм, тәкфиристік т.б. адасқан ағымдардың идеяларын таратуға тиым салынады!
-Хиджаб, сақал қою, намаз, жалпы Алланың парыз еткен мәселелерінде, сүннет амалдарға қарсы дау тудырмаңыз! Қарсы болсаңыз, сізді ешкім діни топта күшпен ұстамайды!
- Тобымыз фәтуа шығарумен, үнемі сұрақ-жауаппен, жарнама, "лайк" немесе достық жинауға көмектесумен айналыспайды!
- Топ ұжымына, өзіңіз сияқты тіркелушілерге сөз тигізбеңіз, ұрыс шығарып пікір қалдырмаңыз! Шынайы мұсылман өзгеге қолмен де, тілмен де зиян келтірмейді!
- Ер адам мен әйел адамның сөйлесулері, авада әуреті ашық әйел адам суреті қойылған адамдардың пікірлері өшіріледі, біз сіздің күнәңізге ортақтасып, зинаға себепші болғымыз келмейді!