Отбасы хрестоматиясы. "Салт-дәстүр сөйлейді" Мұнда қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарының шығуына себеп болған аңыздар мен қисса дастандар жинақталды. Авторлар: Санжар Керімбай, Болат Бопайұлы, Мұхит Төлеген,Әділбек Нәби, Асылтай Тасболат
"Әлдиден эпосқа дейін" Бұл кітапта бесік жырынан бастап, батырлық дастандарға дейінгі аралықты қамтитын рухани мұралар жинақталды. Бесік жырын, жаңылтпаштарды, ертегілерді, аңыз-әпсаналарды, тақпақтарды отбасындағы әрбір ата-ана балаларына оқып беріп, олардың дәстүрлі дүниетанымын қалыптастыра алады. Авторлар: Санжар Керімбай, Әділбек Нәби , Мұхит Төлеген
Бұл екі кітапта этнопедагогика негізінде құрастырылған. Сонымен қатар отбасы хрестоматиясы этнопедагогика ғылымына ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арнап жазылған.