Құдайдың адамзатқа деген сүйіспеншілігі өзінің жалғыз ұлын тоқты іспеттес құрбандыққа беруі. Құдайдың Рухы адамдардың арасына келіп, мол мейірімін көрсетті. Сол құрбандық арқылы күнə атаулы үшін өлсе, үшінші күні тірілуі арқылы сенімімізге сай ақтап алды. Осы рақымшылыққа ие болған жан өте бақытты. Себебі, біз Құрбандыққа деген сеніміміз арқылы "əділміз". Ал əділдің шаңырағы мəңгілікке ие. Əділді ешкім де құрта алмайды. Рақымшылыққа Иса Мəсіх арқылы ие боламыз. Біздің сыртқы бейнеміз еш нəрсе шешпейді, ішкі жан дүниемізде Патшаны орнатқанда, Патша іспеттес кейіпке енеміз. Ақыл - парасатқа ие боламыз. Себебі, даналық мына əлемнің алтынынан да қымбат. Алтын уақытша, даналық мəңгілік. Мəңгілік байлық жинау Құдаймен ғана жүзеге асады. Бұл топқа кірсеңіз "Құдайдың даналығына", яғни мəңгілік байлыққа ие болғаныңыз. Сіздің жүрегіңізде Патшалардың Патшасы ақыл-кеңес бермек. Сонда ешқандай қиындық, уайым, қара күш сізді құлата алмайды. Құдайдың сүйікті де сүйкімді жаратылысы, сізді осы жерде көргеніме өте қуаныштымын. Құдайдың ақ батасы сіздің өміріңізде жұмыс жасамақ.