Ақтөбе (бұрынғы Бозарқаш)—Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы — Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 42 км жерде, шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,2 мың адам (1997).1996жылға дейін Чапаев ауылы аталды. 1997 ж.ұжымшар негізінде Ақтөбе өндірістік серіктестігі ұйымдастырылды. Ауылда орта мектеп, дәрігерлік пункт, тұрмыс қажетін өтеу мекемесі бар. Ауыл арқылы Қызылорда — Ақтөбе автокөлік жолы өтеді.