Исраил Сапарбай (15.5.1941 жылы туған, Өзбекстан, Самарқанд облысы Кушрабад ауданы) – ақын. Шымкент педогогикалық институтының филология факултетін бітірген соң бірнеше жыл «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1975). 1976 – 83 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарып, 1983 жылдары «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысқан. 1984 – 85 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1985 – 92 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары, 1997 – 98 жылдары Сыртқы істер министрлігі ТМД елдері бойынша департаментінің 1-хатшысы, 1998 – 99 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшілігінде 2-хатшы қызметтерін атқарды. Алғаш бір топ өлеңдері «Көктем тынысы» ұжымдық жинағында жарық көрді (1975). Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. Сапарбайдың «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр. Түркі поэзиясы Халықараралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйл., Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты.
Шығармалары:
Аққу арман. А., «Жалын», 1976;
Раушан ғұмыр», А., «Жалын», 1978;
Бозқараған. А., «Жалын», 1980;
Қызыл-жасыл дүние. А., «Жалын», 1984;
Жүрегіме ұя салған қарлығаш. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986;
Қызыл жел. Өлеңдер. А., «Жалын», 1998;
Ғашықтың тілі. Өлеңдер, А.;
Бармақтай бақ. Өлеңдер. А., «Рауан»;
Махаббат пен Ғадауат. Өлеңдер. А., «Атамұра»;
Тар төсекте төсіңді. А., «Дала».
Тәуелсіз Тарлан сыйлығының иегері, ақын, драматург Исраил Сапарбайдың шығармашылығын насихаттауға арналған топ