Санам - Асад пен Зояның қызы, ал Ахил бала кезінен қиындық көрген, ауқатты бизнесмен. Пенджабтағы машақатты өмірден кейін, Санам әжесі Дильшад және немере сіңлісі Хаямен(Назма мен Имранның қызы), Бхопал қаласына күн табу көру мақсатында көшіп келеді. Санам ойланбастан, өзінің бұрынғы тұрған үйіне, яғни қазіргі Ибрагимдер әулеті тұрып жатырған сарайға кіріп келеді. Ахил Раза Ибрагим Танвирдың өгей ұлы болып шығады. Танвир қайтыс болған Набавтың барлық байлығын өзінің некесіз туған баласы Реханға тиесілі болғанын қалайды. Ол бар байлықты алу үшін, Ахил үйлену керек дегенді біліп, Ахилды бала кезгі құрбысы Нидаға үйлендіруге көндіреді. Алайда Нида байлыққа ие болу үшін келген қыз екен. Оның Ахилге ақшаны иемдену үшін тұрмысқа шығайын деп жатырғанын біліп қалған Танвир, той күні Ахилдiң қалыңдығы ретінде үй қызметшісі Санамды отырғызады. Алғашқыда Санам бұған келіспеп еді, дегенмен Танвир оған, егер Ахилдiң жанында қалыңдық болып отырсаң, сенің сіңлің Хаяны емдеуге көмектесемін деп көндіреді. Осылайша Санам мен Ахил үйленеді. Алғашқы некелескенде, Ахил Санамға салқындық танытып жүреді. Сол шақтарда, Санамның немере сіңлісі, мылқау әрі керең Хая, келеңсіз өмірге тап болады. Ол Муниса есімді әйелдің үйінде тұрады. Мунисаның інісі Рахат, Хаяны талай қиындықтардан құтқарып қалады. Хая мен Рахат бір-біріне ғашық болады. Бірақ олардың бірге болуларына қарсы Феиз, екеуін үнемі ажыратып, кедергі жасап жүреді. Феиз Рахаттың кіші інісі. Ол Хаяны көріп, оған ес-түссіз ғашық болады. Оған үйленуді армандайды. Ал Рахат інісін қатты жақсы көреді. Ол Хая мен Феизді үйлендіреді. Хаяның Рахаттан көңілі қалады. Хая мүлдем Феизді сүймейді. Феиздің құдды есі кем дерсің, ол тіпті Хаяны зорлауға дейін барады. Кейін Санамның егізі Сехер Бхопалға келеді. Сехер ұры және құмар ойынын ойнайтын әйелдің қолында (Сунехри есімді басқа атпен) өседі. Рехан оны кезіктіріп қалады. Ал бай - дәулетті жігіт Реханды көрген Сехер, оның ақшасын тонамақ болады. Бірақ екеуі бірін-бірі сүйіп қалады. Бір күні Сехердің бет-бердесі ашылады. Рехан оның ұры екенін біліп қалып, онымен ара-қатынасын үзеді. Ибрагим сарайында Танвир, Санам мен Ахилдiң аралары жақын болып бара жатқанын көреді. Қорыққан ол, барлық мүлікті өз атына аударады. Және Санам мен Ахилді ажырастыруды ұйғарады. Бірақ Санам бұған келіспейді. Ал Танвир болса, Ахилдің өмірі қауіпте тұр деп қорқытады. Екінші жағынан, Фаиз Хаямен ажырасады, Хая Рахатқа тұрмысқа шығады. Разия Сехерге Танвирдің барлық мүлкін тона, және Ахилдердің мүлігін өз атыңа аударып ал, саған 1 крор ақша беремін деп ұсынады. Сехер болса, өзінің сіңлісі Санам ал әжесі Дильшад екенін біліп қояды.