Қазақстанда тұңғыш рет Филиппин елінің телехикаясы көрсетілмек. 27 сәуірден бастап 31 арна эфирінен нәзік сезім мен таза махаббатқа құрылған, жастық жалын мен асқақ арманды баяндайтын "Мен саған ғашықпын" сериалы көрерменге жол тартпақ.
Қызыққа толы хикаядағы махаббат оқиғасының бастау алатын тұсы да осы. Қарапайым фермер қызы, бақуатты отбасынан шыққан жігіт. Ойда жоқта жолығады. 27 сәуір күні сағат 14.00-де тұсауы кесілетін жобаның басты ерекшелігі оны қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары дыбыстаған. Айтуларынша, көрермен көз алмай қарайтын туынды.