Кемел білім мен болашақ үшін Тараз Достық білім беру орталығы
Достық Білім беру орталығының құрылғанына 14 жылдан астам уақыт болды. Осы жылдар тізбегінде білім беру саласына қосқан үлесіміз зор. 10-11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға, 5-6-сынып оқушыларын НИШ, ҚТЛ және дарынды балаларға арналған оқу орындарына, 7-8-9-сынып оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша сабақ курстарын ұйымдастыру ісімен айналысып келеміз. Және де колледж бітіруші түлектерді КТА-ға дайындаймыз.
Біздің білім беру жүйеміз:
Бізге келген әр оқушының әр түрлі арманы бар. Біздің мақсатымыз оқушыларды өздері тандаған армандарына жету жолында лайықты білім беру. Сол үшін атқарылатын жұмыстар тізімі:
1) ДАС(Деңгей анықтау сынағы), оқушыларды деңгейін аңықтау арқылы топқа бөлу;
2) Әр топқа бір сынып жетекшісін тағайындау;
3) Дайындық кітаптары және тест жинақтарымен қамтамасыз ету;
4) Тәжірибелі ұстаздармен жұмыс істеу;
5) Байқау емтихандарын өткізу;
6) Бейне-шешімдер арқылы оқушының қатемен жұмыс жасауына мүмкіншілік беру;
7) Емтихан анализдерін дайындау;
8) Қосымша сабақтар ұйымдастыру;
9) Оқу аралық демалыс уақыттарында ӨҚС(Өткенді қайталау сынағы) ұйымдастыру;
10) Психологиялық тренингтер ұйымдастыру;
11) Жоғары оқу орындары туралы мағлұмат беру;