Қарапайым адамдарға көмектесу үшін бай да қуатты, зұлым, арсыз шенеуніктерді тонап, байлықтарын кедей адамдарға таратып беретін, жоқ- жітікке көмектесетін текті әулеттен шыққан кәрістің Робин Гуды туралы сериал. «Иль Чже Мэ» кәріс сериалы Чосон әулетінің билік құрып тұрған дәуіріндегі халықтың өмірін, тыныс-тіршілігін баяндайды. Бірде түнде императорға көріпкел, күндердің күнінде текті әулеттен шыққан, тіпті өзі өліммен де қорықпайтын бір жігіттің өзіне қарсы шығатынын,өлімі де содан болатынын болжап береді. Император Ли Вон Хо жанұясының барлық мүшесін тауып, оларды жазалауды бұйырады. Бұл қанды оқиға өрік гүлдегенде түнде болған еді. Арасындағы кішкентай бала Гем аман қалады. Гем сол сәтте тығылып үлгереді де, бірақ әке-шешесінің, ағайындарының бәрін қалай өлтіріп жатқаны оның көз алдында қалады. Қайғыдан оның есі ауысады. Кішкентай бала басқа бір жанұяға сіңіп, сол үйдің бала болып кетеді. Арада он екі жыл өткен соң оның ақыл-есі орнына келіп, сол «қанды түнді» есіне түсіре бастайды да императордан кек алғысы келеді. Осылайша, көріпкелдің айтқаны орындала бастайды. Қылмыс орын алған жерге барлық кезде өріктің бір бұтасын тастап кеткендіктен, бас кейіпкерге Иль Чжи Мэ («өріктің бір бұтасы») деген есім қояды.