Атасы шылқыған бай Виплав Трипатхи есімді жігіттің өмір тарихы. Ол қамсыз тірлік кешу үшін шетелге кетуге бел буады. Бірақ күтпеген жерден бір қызбен танысып, ойынан бас тартады. Дхани – жесір келіншек. Бастапқыда жігіт бәстескен достарын ұту үшін Дханимен кездесіп тұрады. Күйеуінен жастай айырылған қыз дәл өзіндей жесірлермен бірге өмір сүріп келеді. Барынша мақтап бабын тауып жүрсе де, жігіт теріс ойынан айнып, қыздан кешірім сұрайды. Виплав ескі дәстүрге қарсы тұрып, жесір әйелге деген жұрттың тұрпайы көзқарасын теріске шығарады. Алайда өз бақытына қол жеткізе ала ма?