Ассаламуалейком Қоңырат елі !
Бұл бөліну емес, әр бір қазақ ата тегі, шыққан руы жайлы білуі тиіс.
Қазақ руға бөлінбейді,
Қазақ рудан тұрады.
Әлемді билеген, ең үлкен империя құраған Шыңғыс хан, Қоңырат еліне жиен болып келеді
Әлемде теңсіз деп саналған, тіпті аңызға айналған
Алпамыс Батырда Қоңырат елінен шыққаны жасырын емес.
Еліміздегі Қоңыраттарға қарағанда, көшпелі қазақ дәуірінде, көшіп қонып кәзіргі еліміз шекарасынан алыстап кеткен Қоңыраттар саны басым екен. Мақсатымыз сол алыстап кеткен Қоңыраттардың басын қосып, тарихта жазылған аңыз деректердің рас екенін дәлелдеп шығу.
Қоңыраттан тараған барлық рулар шежіресін шығаруға әрекет жасаймыз. Өкінішке орай кей бір рулардың тарихи шежіресі табылмай жатыр.
Әр бір Қоңыратқа айтарымыз, өз руыңыз жайлы тарихын шежіресін білсеңіз, міндетті түрде дәлел деректерімен қосып, бізге жіберіңіздер. Руластарыңыз біліп жүрсін. Анық дәлел дерек болуы тиіс.