《ЖЕТIКӨЛ ЖЕРI》
Жетiкөл жерi,
Жетiкөл елi.
Бiрлiгi тұмар тағынған,
Алланын жетi санына
Көлi де жетек бағынған.
Ұл мен кызы шалғайдан,
Жеткенше аңсап сағынған.
Кұмы бар кызыл лағылдан,
Жетiкөл канал ағылған.
Әдіраспан,жалбызы,
Дертiне дауа жағынған.
Гулденген жиде жұпары
Ем Болып елге табылған
-деп Байболов Бекназар ағамыз жырлағандай казіргі Жетiкөл елдi мекенi орналасқан жерде 1947жылы жазасын өтейтiн қылмыскерлер /|/10 еңбекпен түзеу колониясы қоныстанған. /|/10 колония көшiп келгенге дейiн бұл жерде ел болмаған.
Жетiкөл деп аталу себебi ол кездерде Сырдариядан осы жерге дейiн жетi көл болған Олар:
1. Қараой көлi
2. Маңабай
3. Кенбай
4. Мақпал
5. Жыңғылды
6. Үшкөң
7. Ыза көлi деген көлдерi болған бiрак өкiнiшке орай қазiр бірен-саран көл калды.
Менің ауылымның қысқаша
көрінісі осындай.. ұмыт қалдырған
белгілі тұлғалар, жер-су аттары,
ауыл тарихын бейнелейтін көріністер
болса астына пікір етіп
қалдыруларыңызды сұраймыз. Біреу білсе, біреу білмес, оқып, біліп,
үйреніп, есіне сақтап, миына жаттап
алса, туған жер тарихын жетік біліп
жүруге өз септігіміздің тигені емес пе,
ендеше қалыс қалмаңыздар!!! Олай
болса Жетікөлімізді мақтамайық, керісінше Жетікөлімізбен мақтанайық
дегім келеді...