"Асыл арна" телеарнасының журналисі, қоғамммен байланыс бөлімінің басшысы
Интересы
Діни әдебиеттер, адамдармен әңгімелесу
Любимые фильмы
"Жау жүрек мың бала", "Морской бой"
Любимая музыка
Нет данных или скрыто
Любимые телешоу
Нет данных или скрыто
Любимые книги
Құран
Любимые цитаты
Нет данных или скрыто
Любимые игры
Нет данных или скрыто
О себе
Жанәділ Құрманбекұлы Раймбеков. «Асыл арна» телеарнасында «Қоғаммен байланыс» бөлімінің жетекшісі.
1984 жылы тамыз айында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Осы елді мекенде орта мектепті аяқтап, 2001-2005 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде жоғары білім алған. Университет қабырғасында жүріп қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, халықаралық конференцияларда, дебаттарда жүлделерге ие болады.
Университетті аяқтаған соң, 2005-2009 жылдар аралығында «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау» орталығында сабақ береді. Осы жылдары Жамбыл облысының Орталық мешітіндегі үгіт-насихат тобына мүше болады. Мешіт жанындағы аталған ұйым мен облыстық ішкі саясат басқармасы бірлесе ұйымдастырған облыстық лекцияларда ұлттық құндылықтар, тәрбие, дін мен дәстүр тақырыптарында дәріс оқиды.
Сондай-ақ, 2006-2010 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде оқытушы болып қызмет атқарады. 2008 жылы осы университетте факультет деканының орынбасары қызметіне тағайындалады. 2008-2011 жылдары Жамбыл облысы қажылар қауымдастығының төрағасы лауазымын атқарды.
2012 жылдан бері «Асыл арна» телеарнасында қызмет етіп келеді. Үйленген. Үш ұл, екі қызы бар.