Басқалардан бір артықшылығым бар деп тасудың немесе бір кемшілігім бар деп жасудың қажеті жоқ.Алла біреуді кедейлікпен,біреуді байлықпен,біреуді мықты денсаулықпен,біреуді айықпас аурумен,біреуді тоқшылықпен,біреуді жоқшылықпен сынайды.Өмірдің кез-келген сәтінде Аллаға шүкіршілік пен тәубені ұмытпау керек."Құлым басына келген қайғыдан немесе қуаныштан мені ұмытып кетпес пе екен"деген Алланың сынағы