Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
(өлкедегі қоғамдық саяси әлеуметтік, діни-рухани ахуалды талдау – зерттеу орталығы)
Орталық Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 20 сәуірдағы №110 қаулысымен құрылған.
Құрылудағы басты мақсаты – қоғамдағы саяси ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру.
Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелеріне талдау жүргізу, әсіресе жоғарыда айтылып өткен діни ахуалының күрделілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету.
Орталық Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси ахуалға әлеуметтік мәселелерге, діни-рухани тәрбие, тағылым талдауларын жасау және осыларды саралап-сараптап, зерделеп, зерттеу және оларды мемлекеттік идеологияның іске асырылуы барысында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысады, өз құзыретіндегі мүмкіндік аясында өлкедегі зиялы қауым, ілім, ғылым, мәдениет орталықтарында, сондай-ақ, қоғамдық орындарда, жастар арасында, жергілікті аумақтарда, республика заңдарына сәйкес, үкімет пен өкілетті орган өкімдіктеріне сай және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, өлкедегі бірлік пен ынтымақты қалыптастыруда, салауатты өмір салтының тұрақтылығын қамтамасыз етуге де байланысты жұмыстар атқарады, сондай-ақ, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында, дәстүрлі ұлттық таным, рухани тәрбие, діни негіздегі әдет-ғұрып, салт-сана ара-байланыстарына қатысты кейбір кездейсоқ теріс ұғымдар, көзқарас, түсінік мәселелерінде дұрыс шешім табуға көмектесіп, ұлттық әдепке шетін экстремизм мен терроризмнің белгілерінің алдын алу, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізу, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу шараларын атқарады, өлке азаматтарының тұлғалық қалыптасуында дәстүрлі ұлттық тәрбиенің, отаншылдық рухтың, азаматтық ұстанымдардың негіздерін қалайтын, жастардың заманауи болмысы мен ғылыми техникалық өркениет үдерісіндегі орнының биік болуына әлеуметтік-рухани демеу бағытында жұмыс жасайтын көмекші қызметтер көрсетеді.
Орталықтың негізгі міндеттері
• Облыстық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен кереғар діни ағымдар, секталар, олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бейнефильмдер мен роликтер дайындап көрсету, оларға сараптама жүргізу;
• Қала, аудандардың елді мекендеріндегі жергілікті тұрғы