Әлиф Ләм Мим. (1) Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші. (2) (Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) саған, алдындағыны растаушы Құранды шындық бойынша түсірді. Және Тәурат, Інжілді түсірді. (3) Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатын мұғжизаны түсірді. Расында Алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азап бар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие. (4) Шын мәнінде Алла (Т.) ға жердегі, көктегі еш нәрсе жасырын емес. (5) Ол сондай Алла (Т.) сендерді жатырларда қалауынша бейнелейді. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Өте үстем, хикмет иесі. (6) Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді. (7) Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің. (8) Раббымыз! Расында Сен күдіксіз келетін бір күнде адамдарды жинаушысың. Сөз жоқ, Алла уәдесінен айнымайды. (9) Расында сондай қарсы болғандардың балалары, малдары Алладан (келетін) еш нәрсеге төтеп бере алмайды. Міне солар тозақтың отындары. (10) Әдеттері; Перғауынның сыбайластарыныкі және олардан бұрынғылардікі тәрізді. Олар аятттарымызды жасынға шығарған. Сонда Алла оларды күнәлары себепті азаптаған. Алланың азабы қатты. (11) (Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы болғандарға: «Тез жеңілесіңдер де тозаққа жиналасыңдар. Нендей жаман орын.» де (12) (Бәдір соғысындағы) екі топтың қарсыласуында сендерге бір ғибрат бар. Бір топ Алла жолында соғысады. Екінші жақ қарсы еді. Олар Мұсылмандарды, көздерімен, өздеріндей екі есе көруде еді. (Негізінде Мұсылмандар, үш жүз он үш, кәпірлер мыңдай еді) Алла кімді қаласа, өз жәрдемімен қолдайды. Расында бұнда қырағылар үшін әрине ғибрат бар. (13) Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында. (14) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендерге бұларыңнан да жақсы нәрседен хабар берейін бе?», - де. Сондай тақуалар үшін Алланың қасында астарынан өзендер ағатын, онда мәңгі тұратын бақшалар сондай-ақ тап-таза жұбайлар әрі Алланың ризалығы бар. Алла (Т.) құлдарын толық көруші. (15) Сондай : «Раббымыз! Иман келтірдік, күнәмізды жарылқа да от азабынан сақта» дегендер; (16) Олар сабыр етушілер, шыншылдар, бой ұсынушылар, Алла жолында мал сарып қылушылар және таң сәріден жарылқану тілеушілер, (таң намазын оқушылар, ) (17) Алла (Т.), періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді. (18) Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші. (19) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенімен сөз таластыруға кіріссе: «Өзімді Аллаға тапсырды әрі маған ергендерді де» де. Сондай-ақ кітап берілгендерге де надандарға да: «Исламды қабыл еттіңдер ме?», - де. Егер олар исламды қабыл етсе, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, саған жалғастыру ғана
Интересы
Фатиха сүресі Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән. (2) Аса қамқор, ерекше мейірімді. (3) Қиямет күнінің иесі. (4) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! (5) Бізді тура жолға сала көр! (6) Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! (7) сүресі Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық. Сондай-ақ үгіт алуларың үшін; мұнда ашық аяттар түсірдік. (1) Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ақырет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын. (2) Зинашы ер; зинашы немесе мүшрік әйелмен үйленуге лайық. Зинашы әйел де; зинашы немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар мүміндерге арам қылынды. (3) Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар; кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бұзықтар. (4) Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге; Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (5) Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері. (6) Бесінші ретте (ер): “Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!”, - (дейді). (7) Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел де төрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады. (8) Бесінші рет (әйел): “Егер оның айтқандары шын болса, маған Алланың қаһары тисін!”, - (дейді). (9) Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса (не болар еді?), Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана. (10) Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше ол, сендер үшін қайырлы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар. (11) Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде қайыр ойлап: “Бұл бір ашық өсек” десе еді? (12) Олар, оған төрт куә келтірсе еді? Сондай-ақ олар куә әкелмеді. Міне солар, Алланың қасында өтірікші. (13) Егер сендерге дүние, ақыретте Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса еді, әрине өсек тартқандықтарыңның салдарынан зор азапқа душар болар едіңдер. (14) Сол уақытта өсекті ауызекі жалғастырып, білмеген нәрсені айта отырып, оны жеңілге сайдыңдар. Ол, Алланың қасында зор іс еді. (15) Егер оны естіген сәтте: “Бұны, біздің айтуымызға болмайды. Алла сақтасын. Бұл бір ірі жала” деген болсаңдар еді. (16) Егер мүмін болсаңдар, Алла мұндайды мүлде қайта істемеулеріңді насихаттайды. (17) Алла, сендерге аяттарын ашық баян қылады. Әрі Алла толық білуші, аса дана. (18) Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге; дүние, ақыретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер. (19) Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса. Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейірімді. (20) Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе, күдіксіз ол, ұятсыздықты, жамандықты меңзейді. Егер сендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді, ешбіреуің әсте ағармайтын едіңдер. Бірақ Алла қалаған құл
Любимые фильмы
Өлім адамға ең үлкен уағызшы Өлім келмей тұрып өмірдің қадірін білу керек. Бұл өлімді еске алу және өлімнен кейінгі өмірге дайындалу арқылы жүзеге асады. Адам өлімді еске алмайтын болса, дайындық та жасамайды. Хадис шәрифте былай делінген: «Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенің қадірін біліңдер!..» Бұл бес нәрсенің келмеуі мүмкін емес. Міндетті түрде басымызға келеді. Бұлар келмей тұрып басқа бес нәрсенің қадірін білу керек. Келгеннен кейін қадірін білудің қайғы мен өкінуден басқа ештеңеге жарамайтыны ақиқат. Бес нәрсенің біріншісі: «Өлім келмей тұрып өмірлеріңнің қадірін біліңдер!» Өлім әрбір адамның басына келеді. Өлімнен қашу, одан құтылу осы күнге дейін ешкімге нәсіп болмаған. Болуы да мүмкін емес! Өлмейтін адам бола алғанда еді, Раббымыз мұны бүкіл әлемнің жаратылуының себепшісі және жаратылыстардың ең қадірлісі сүйікті пайғамбарымыз алейһиссаламға нәсіп етер еді. Зумәр сүресінің 29-30 аяти карималарында: «Күмәнсіз сен өлесің (Ей, сүйіктім), олар (қарсыластарың) да өледі. Кейін бәрің қиямет күні Раббыларыңның алдында есепке тартыласыңдар!..» делінген. Адам бір нәрседен қашқан сайын одан ұзақтайды. Арасындағы қашықтық барған сайын арта береді. Бірақ өлімнен ондай емес! Одан қанша қашсақ та, оған қарай жүгіргенімізді Әзірейіл алейһиссаламмен кездескен кезде түсінеміз... Әзірейіл алейһиссалам бір күні адам кейіпінде Дауд алейһиссаламға келеді. Дауд пайғамбар одан кім екенін сұрайды. Сонда ол: «Мен ешкімнен (патшаларды да қосқанда) қорқпайтын, кезкелген зәулім сарайларға, үйлерге қалаған уақытымда кіре алатын біреумін» - деп жауаптайды. Дауд алейһиссалам оған «Олай болса, сен Мәләкул мәутсің (өлім періштесісің)» дейді, ол «Иә» деп жауап береді. Ешбір күмәнсіз адам бір күні рухсыз дене күйіне келеді... Өлім – ең үлкен уағызшы. Бұдан ғибрат алу керек. Мазардың қасынан өткен кезімізде мәйіттерге дұға етуіміз керек. Олардың жағдайынан ғибрат алғанымыз жөн. Олар да бір кездері біз сияқты тірі және қуанышты болып жүрді. Ойнап-күліп, жер бетінде қыдырып өмір сүріп жүрген еді. Біз де уақыты келгенде олар сияқты боламыз. Олар сияқты топырақ астына жерленуге мәжбүр боламыз. Бір күні бір адам Фудайл бин Аяз хазреттеріне келіп, насихат сұрайды. Фудайл бин Аяз (рахимәхуллаһ): «Әкең тірі ме?» деп сұрайды. Әлгі адам «Жоқ» деп жауап бергенде: «Әкесінің қайтыс болуынан ғибрат алмаған адамға насихат пайда бермейді» дейді. Әлгі адамға насихат айтпағандай көрінгенімен, негізінде ең жақсы насихатты осылайша айтты. Яғни «Әкең қайтыс болғанындай, сен де солай өлесің. Әкең кеткен жерге сен де барасың. Ол жерде пайдасын тигізетін амалдарды қазір мүмкіндігің бар кезде жасап алуға бар күш-жігеріңді сал! Әйтпесе ол кезде өкінудің ешқандай пайдасы болмайды!» деп айтқысы келген еді. Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар). (278) Егер оны істемесеңдер, (өсім алғанды қоймасаңдар) бұны Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер. Егер тәубе қылсаңдар, сонда малдарыңның басы өздеріңдікі. Зұлымдық етпеген және зұлымдыққа ұшырамаған боласыңдар. (279) Ал егер борышты ауыр жағдайда болса, жақсарғанша қарау керек. Егер де садақа қылсаңдар сендер үшін тағы жақсы. Егер білген болсаңдар. (280) Аллаға қайтарылатын, сонсоң әpкiмнің еңбегі өздеріне кемітілмей толы
Любимая музыка
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ Зинақорлық деген не және ол қаншалықты үлкен күнә? С: Зинақорлық деген не және ол қаншалықты үлкен күнә? Ж: ЗИНАҚОРЛЫҚ Зина – ауыр қылмыс, апатқа апарып соқтырушы үлкен күнә, ар-ождан мен абыройға қарсы жасалынған дұшпандық. Таза ақыл да оны құп көрмейді, шариғат та оған рұқсат бермейді және оны дін де қабыл алмайды. Бұл істің тыйым салынған харам амал екендігіне Алла Тағаланың Кітабынан да және Оның елшісінің (с.а.с.) сүннетінен де дәлелдер жеткілікті. Зинақорлықтың зардабының зор екендігі сондай оған мүлде жақындауға болмайды. Яғни, некесіз төсек қатынасына алып баратын кез келген әрекеттен аулақ болу керек. Бір-бірімен ешқандай туыстық, жұбайлық байланыстары жоқ әйел мен ердің, әсіресе, жастардың махаббаттың атын жамылып бір-бірімен шектен тыс көп аралас-құралас болуы сондай әрекеттерге жатады. Шариғат бойынша бөтен әйелге көп қарауға да тыйым салынған. Бұл көз зинасына жатады. Қазіргі қоғамымызда қала көшелерінде бір-бірімен құшақтасып, сүйісіп тұратын жастарды көп кездестіруге болады. Бұл азғындықтың ең бір анайы түрі. Тіпті, ондай жастар бір-бірімен үйленген жұбайлар болса да бұл нағыз имансыздыққа, рухани жүгенсіздікке жатады. Алла Тағала зинаның кез келген түріне, және зинақорлыққа апарытн кез келген әрекетке, қадамға қатаң тыйым салған. Бұл тұрғыда аяттардағы тыйым «зинақорлық, азғындық жасамаңдар» деген түрде емес, «зинаға, азғындыққа оған апаратын кез келген іс-әрекетке, ойға мүлде жоламаңдар, аулақ болыңдар» деген мағынада келген. Алла Тағала былай дейді: ﴿وَلاَ تَقْرَبُواْ الزِّنَى إِنَّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَسَاء سَبِيلاً﴾ «Және зинаға жақындамаңдар! Расында ол бір азғындық және жаман жол» (Исра, 32); ﴿وَلاَ تَقْرَبُواْ الْفَوَاحِشَ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَمَا بَطَنَ﴾ «Азғындық істердің жариясына да жасырынына да мүлде жоламаңдар» (Әнғам, 151). Зинақорлықтың қауіптілігінің деңгейі осындай. Өйткені бір-бірімен жұбайлық, туыстық байланысы болмаған ер мен әйелдің арасындағы сүйіспеншілікке ыңғай таныту, шектен тыс көп жақын болу некесіз қатынасқа апарып соқтырады. Ал мұның арты талай шаңырақтың шайқалуына, адамдардың тағдырларының күйреуіне, дау-жанжалға, бейкүнә сәбидің дүниеге некесіз келуіне, ақырында бүтіндей қоғамның бұзылуына әкеледі. Қазіргі қоғамымыз тастанды балалар трагедиясына куә болып отырмыз. Аят-хадистегі тыйымдар да һәм сол тыйымдардан өрбіген «Қызға қырық үйден тыйым, ұлға отыз үйден тыйым» деген ұлттық тұжырым-қағида да аяқ асты болды. Арын сақтамау, азғындыққа бой үйрету абыройға айналды, арлы болу, иманды ту ету ақымақтық қасиет болып санала бастады. Бұл нағыз қасірет.. Расында Құран Кәрімдегі келтірілген мұсылмандардың сипаттары мүлде басқаша. Олар Құдайға серік қоспайды, адамды нанақтан өлтірмейді, азғындықтың ең
Любимые телешоу
Хашр сүресі Мәтінде қандай да бір қателіктер байқасаңыздар хабарласуыңызды өтінеміз: kzkuran.kz Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Көктердегілер мен жердегілер Алланы дәріптеуде. Ол, аса үстем, хикмет иесі. (1) Ол сондай Алла, Кітап иелерінен қарсы болғандарды алғаш шабуылда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығады деп, ойламаған едіңдер. Олар бекіністері өздерін Алладан қорғайды деп ойлаған еді. Алайда Алла, оларға, күтпеген жақтан келді; олардың жүректеріне қорқу салды да олар, үйлерін өз қолдарымен әрі Мұсылмандардың қолдарымен талқандауда еді. Әй ақыл иелері! Ғибрат алыңдар. (2) Егер Алла, оларға, сүргіндік жазбаса еді, әлбетте оларға дүниеде басқа азап берер еді әрі олар үшін ақыретте тозақ азабы бар. (3) Міне бұл, олардың Аллаға, Пайғамбарына қарсы келулері себепті. Әлде кім Аллаға қарсы келсе, Расында сонда Алла қатты азап иесі. (4) Жаудың құрма ағаштарын кесулерің немесе (кеспей) тамырларына тік қоюларың Алланың нұсқауы бойынша, бұзақыларды қорлау үшін болады. (5) Алланың, Елшісіне олардан қалдырған олжасына, сендер не ат шаптырып немесе түйе жүгіртпедіңдер. Бірақ Алла, елшілерін кімді қаласа, соған өктем қылады. Сондай-ақ Алланың әр нәрсеге күші еркін жетеді. (6) Алла (Т.) ның, Елшісіне бір кент тұрғындарынан қалдырған олжалары; Аллаға, Елшісіне, жақындарына, жетімдерге және жолда қалғандарға тән. Сендерден байлар арасында айналып жүрмеуі керек. Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі. (7) Әсіресе сондай жұрттарынан, малдарынан қуылғандар; Алладан мәрхамет, ризалық іздеп, Аллаға, Елшісіне көмек еткен пақыр мұһажірлер үшін. Міне солар шыншылдар. (8) Бұрыннан Мединеде қоныстанған иман иелеріне де (беріледі.) Олар өздеріне босып келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлде біреу сараңдықтан сақсынса, солар құтылушылар. (9) Сондай олардан кейін келгендерге де (бұл олжадан беріледі.) Олар: “Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз шүбәсіз Сен тым жұмсақ, ерекше мейірімдісің.” (10) (Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Мұнафықтар Кітап иелерінен иман келтірмеген туыстарына: “Егер жұрттарыңнан шығарылсаңдар, сендермен бірге шығамыз; сендерге қарсы әсте ешкімге бағынбаймыз. Егер соғыс болса, әлбетте сендерге көмек етеміз” дейді. Олардың мүлде суайт екендігіне Алла куәлік етеді. (11) Егер олар жұрттарынан шығарылса да олармен бірге мұнафықтар шықпайды. Ал егер соғыс болса да олар соғыспайды. Егер көмек етсе де әрине олар, арттарына бұрылып қашады. Сосын оларға жәрдем етілмейді. (12) Әлбетте олардың жүректерінде Алладан көрі сендерден қатты қорқу бар. Өйткені олар, түсінбейтін ел. (13) Олар сендермен топты түрде соғыса алмайды. Бірақ бекіністегі ауылда не дуардың далдасында соғысады. Әрине өзара тартыстары қатты. Оларды бірлікте деп ойлайсың. Жүректері быт-шыт. Өйткені олар, ойланбайтын ел. (14) Олар, өздерінен біраз бұрынғылар сияқты; істегендерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар. (15) Олар, шайтанның мысалы сияқты; адамдарға: “Қарсы бол” деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: “Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын” деген еді. (16) Сонда екеуінің де соңы; тозақта мәңгі қалатын болды. Міне залымдардың сазайы. (17) Әй мүміндер! Алладан қорқыңд
Любимые книги
Мастурбация Сұрақ: Истимна деген не? Жауап: Истимна – мастурбация деген сөз. Ал бұл нәрсе, қай жолмен болса да, өз-өзін қанағаттандырып оргазмға жету деген сөз. Бұл нәрсе, егер тек ләззат алу үшін жасалса харам болады. Тынышталу үшін жасалса жаиз (рұқсат), зина жасау (некесіз қатынас) қаупінен құтылу үшін орындалса, уәжіп болады. Демек, тек қана ләззат алу мақсатымен мастурбация жасау күнә болады. Бірақ, адам қатты қысылып, өзін тынышталдыра алмайтын жағдайға келіп, мазасызданса, сол кезде жаиз болып, күнә болмайды. Егер еркек немесе әйелдің жыныстық құмары зина жасауға себеп болайын деп тұрған болса, зинаның алдын алу үшін мастурбация арқылы оргазмға жетіп, өзін қанағаттандыруы, тынышталуы уәжіп болады. Мастурбация жасалып мәни келген жағдайда ғұсыл алу қажет болады, егер ораза тұтқан болса, ораза да бұзылады. Әйелдерде мәнидің келуі қиынырақ болады. Мәни келмеген болса, мәзи деп аталатын сұйықтық келген болса, ғұсыл қажет емес. Мәни адамды дірілдетіп келеді, денеде тырысулар болады. Келген сұйықтың мәзи немесе мәни екенін осылайша түсінуге болады. Сұрақ: Бір еркектің харамнан сақтануы үшін мастурбация немесе басқа не істеуі керек? Жауап: Мұндай себеппен мастурбация жасау жаиз болмайды. Харамға қарамау үшін ең дұрыс шара – намазды дұрыс оқу. Харамға қараудың зиянын білу керек. Бірнеше хадис шәрифтердің мағыналары мынадай: «Бөтен әйелді көріп, Аллаһу та’аланың азабынан қорқып, басын одан бұрған адамға Аллаһу та’ала ғибадаттың ләззатын сездіреді.» (Хаким) «Қай жеріне болса да, әйелге шәһуетпен (құмарлықпен) қараған адамның көздеріне балқыған қорғасын құйылады, содан соң тозаққа тасталады.» (М.Әнһур) «Әурет жерін ашқан, басқалардың әурет жерлеріне қараған адамдарға Аллаһ лағнет етсін!» (Бәйһақи) Сұрақ: Истимна мазасыздықты кетіру үшін жаиз болады екен. Ал мазасыздық кеткен кезде ләззат пайда болады емес пе? Жауап: Ләззат алу үшін истимна жасау күнә болады. Бірақ қатты мазасызданған кезде, тынышталу үшін бел босату күнә болмайды. Босатқан кезде әрине ләззат болады. Зина қаупі болғанда да сондай. Яғни ол кезде де ләззат алынады. Бірақ зинаның алдын алғандықтан күнә болмайды. Дініміз әр жамандықтың алдын алу үшін рұқсаттар берген. Сұрақ: Тынышталу үшін истимна жаиз болады. Тынышталу деген не? Жауап: Мазасыз қылатын шәһуеттің кетірілуі. Барлық шәһуеттің кетірілуі емес. Сұрақ: Әйелдердің истимна үкімі еркектердікі сияқты ма? Жауап: Иә. Сұрақ: Мастурбация оразаны бұзады ма, бұзатын болса қаза ма, әлде каффарат қажет пе? Жауап: Оразаны бұзады, тек қаза ғана қажет. Бір Рамазанда екі рет мастурбация жасаған адамға каффарат та керек. Өйткені Рамазанның бір күнінде қазаны қажет ететін бір нәрсе істеп оразасын бұзған адам, басқа күнінде де дәл сол нәрсені қайтадан әдейі істесе, каффарат та керек болады. Сұрақ: Мастурбацияның ешкімге зияны жоқ қой, неліктен харам? Жауап: Дініміз бір нәрсені харам қылған болса, көзге байқалатындай зияны көрінбесе де харам болады. Харам болса, неліктен харам деген орынсыз сұрақ қойылмайды. Бисмиллаһсыз сойылған қой еті де харам болып табылады. Міндетті түрде біреуге зиянының тию қажет емес. Мастурбация импотенцияға және ерте босануға да себеп болады. Имам Қуртуби хазреттері былай деген: «Олар, жұбайлары мен күңдерінен басқа махрам жерлерін (зина, лиуата, мута некесі, жануармен қосылу, мастурбация секілді рұқсат етілмеген барлық нәрседен) қорғайды. Дұрысы, бұлар (халал бол
Любимые цитаты
Басты бет Жұма мінбері АНАҒА ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ
АНАҒА ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ
29.05.2017 3175 0 пікір
Барлық мақтау бүкіл әлемнің иесі Аллаға тән. Бүкіл әлемге қамқорлық әрі ескертуші ретінде жіберілген әлемнің ең соңғы Пайғамбары Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сәлем әрі салауат болсын!
Ана – ардақты есім. Дүниеде Ұлы Жаратушыны қоспағанда ананың мейірімнен асатын мейірім жоқ деуге болады. Сондықтан ананың орны әрқашан бір бөлек.
Ана – дүниедегі ең ардақты жан. Ол – әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші. Ұлы Алла Тағала қасиетті Құранда:
وَوَصَّيْنَا ٱلإِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْناً عَلَىٰ وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِي عَامَيْنِ
«Адамдарға ата-анасына жақсылық жасап, қарайласуды бұйырдық. Анасы қиыншылық үстіне қиыншылық көріп, оған жүкті болды. Екі жылда омыраудан айыруы (емшектен шығару) бар», – дейді («Лұқман» сүресі, 14-аят).
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Оның мейірімділігінде шек жоқ.
Баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу - әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Кез келген ана баласының бақыты мен амандығы үшін жанын пида етуге әзір. Тіршілікте ананың баласына деген кемел сүйіспеншілігі мен қамқорлығы ешқашан таусылмақ емес.
Ананың босанардағы қиындықтарға тап болуы қаншалықты ауыр болса да, сәбиін қолына алғанда барлық көрген қиындығын бір-ақ сәтте ұмытып, сәбиін мейірім бесігіне бөлейді.
Ана – әрбір адамның ғұмырдағы ең жақын жанашыры, сырласы және ақ ниетті тілекшісі. Кез келген пенденің ішкі дүниесінің әсемдігі, мінезінің ерекшеліктері анасының ақ сүтімен бойға дариды.
«Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір адам келіп: «Я, Расулулла, қартайған анамды өз қолыммен тама&am
Любимые игры
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай кітаптардан үлес берілгендердің араларына үкім беру үшін Алланың Кітабына шақырылғандарды көрмейсің бе? Соңсоң олардың бір бөлімі Одан бет бұрады. Сондай-ақ олар ұдайы бет бұрушы. (23) Бұл олардың: «Бізге тозақ оты, санаулы күндер ғана соқтығады» дегендіктері себепті. Дін жайындағы жасанды нәрселері оларды алдады. (24) Болуы шәксіз күнде жинағанымызда сондай-ақ әркімге әділетсіздік етілмей еңбектері толық берілгенде, жағдайлары қалай болар еді?….(25) (Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де кімнен қаласаң, дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шәксіз әр нәрсеге күшің жетеді» деп айт. (26) Түнді күндізге айналдырасың да күндізді түнге айналдырасың. Сондай-ақ өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарасың. Және кімді қаласаң сансыз несібе бересің. (27) Мүміндер, мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтпасын. Әлдекім осыны істесе, Аллаға еш нәрседе байланысы жоқ. Бірақ олардан сақтану үшін болса басқа. Алла сендерді өзі қорқытады. Және барар орын Алла жақ. (28) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар да жарияласаңдар да Алла оны біледі. Әрі Алланың барлық нәрсеге толық күші жетуші» де. (29) Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды. Алла сендерді өзі сақсындырады. Алла (Т.) құлдарына тым жұмсақ. (30) Әли Имран сүресі(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де. (31)