Өнерім- өмірім! Өнертанушы, мәдени қызметкер, көпшілік мерекелерді ұйыдастырушы- режиссер!
Интересы
Шет елдерге саяхат, экстрималды спорт түрі, таза ауада серуен, суда жүзу, шаңғы тебу, балық аулау, психология, нумерология, адамдармен қарым- қатынас, концерт, театр, фантастикалық, комедиялық, романтикалық жанрындағы фильмдерге көп қызығушылығым бар
"Қан мен тер" ; "Махаббат қызық мол жылдар " ; " Ұшқан ұя"; " Қараш- қараш оқиғасы "; "Абай жолы"; " Беу, қыздар-ай!"; "Студенттер жатақханасы"
Любимые цитаты
Сөзіңді түзе-әдетіңе айналады, Әдетің-мінезіңе айналады. Мінезің-сенің тағдырың.
Любимые игры
Арқан тарту, көкпар, қыз қуу, қызыл орамал, шілік, ләңгі, эстафета ойындары;
О себе
Алатаудың алқымында жаздың мамыражай күнінде Меркі ауданы "Большевик" елді мекенінде дүниеге келдім . Үйдегі 7 баланың ортаншысы едім. Әкеме ұқсап туылған соң, әй, осыған тек бір жерін ғана бермеген ,- деп үлкен- кіші күліп жататын. Кішкентайымнан әке- шешем, апам еңбекке баулыды, үйдің тірлігімен қоса, түздің де тірлігін атқарушы едік. Жалт- жұлт етіп жуылған терезе, қырлап жиналған жүк, мұнтаздай таза аула мен үй іші, жайқалған бау мен бақ барлығы апамыз мен анамыздың берген тәрбиесі еді. Мектеп қабырғасында өте белсенді, зерек, ізденімпаз, қайсар, жаңалыққа құмар, еңбекқор, тіл алғыш, сүйкімді оқушы болып өстім. Сөйтіп мектепті өте жақсы деген бағамен аяқтап, Жамбыл қаласындағы педагогикалық институтқа құжаттарымды тапсырдым.
Әттең, сол кезде қайғылы жай орын алмағанда, бірден жоғары оқу орнына түсуші едім. Кенеттен қамқоршы ағамыз жол апатына ұшырап, көз жұмды. Әрине бауырыңнан айырылған соң, қайғылы жағдайда қандай оқу болсын. Сөйтіп құжаттарымды алып, үйге қайтып келемін деп кеткен менің адымнан КУЛЬТПРОСВЕТ училищесінің жарнамасы алдымнан жарқ етіп шыға келді. Білімге құштар маған тағы бір мүмкіндік іспеттес көрінді. Оқып тұрмын түк түсінбеймін, қайта- қайта қараймын. Ана афишадан бір таныс мамандықты іздеймін кеп, ақыры таптым библиотека , содан алып ұшып жеттім-ау сол училищеге , кірген бетте екі мұғалім ағай, әпкей " Қызым, қайдан келдің? " - бізде құжат тапсыру мерзімі аяқталды, тек сырттай бөлім болмаса деп қысқа қайырды. Жылағым кеп ана кісілерге жалтақ- жалтақ қараймын. Әлгі әкпей "Шашың да, бойың да ұзын екен, театр бөліміне тапсырсаң қалай болады деді. Мен күмілжіп " Қайдағы театр, менің ауылымда театр жоқ, қайда барып жұмыс істеймін, - десем, ағай " өзің айттың ғой, оқығым келеді " - деп енді ойланып көр, бұл жақсы ұсыныс тек бір орын ғана қалды дегені, селт еткізіп мені оятып жіберді.
Не керек оқуға түстім, өнерлі жандар арасынан табылғаныма қуанып та, қызығып та жүрмін. Әр жерде неше түрлі аспап ойналып, бишілер аяқ ұшымен шайқалып, ән мен жырға толы шығармашыл студенттер арасына дүмп етіп түсе кеттім. Қайран, студенттік шағым-ай, от болып жанып, шоқ болып кетуші едік, комедия жанрындағы актриса деп кураторым мені мақтан тұтатын. Қып- қызыл дипломды ала сала жұмыс іздедім. Біраз театрда жұмыс істеп бастадым, сосын оьлыстық оқушылар сарайына бас сұқсам тура менің мәдени ошағымның иісі де, атмосферасы да ұқсайды екен, іздегенім алдымнан шыққандай, сонда жұмысқа орналасқанша әбден асықтым. Орналастым міне осыдан ары қарай сценарий қалай жазылу керектігін, ұстаздық етуді, жүргізуші ретінде қалай өзіңді ұстауды, бұрынғы партия қызметкерлері , менің басшыларым жетектеп ж